Библиотека

 

«Мемлеккттік тілді дамыту – табысты даму кепілі»

 Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшетінімізді, және болашқта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріпен жазылуы керектігін айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауда тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Латын әліпбиіне көшу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл бастаманы қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады. Осы латын әліпбиіне қатысты қазіргі таңда көптеген қоғамдық талқылаулар, конференциялар, жиналыстар, іс-шаралар өткізілуде. 2017 жылы 10 желтоқсан  күні М.О.Әуезов атындағы №1 жасөспірімдер филиалы 5454 Әскери  бөліміне арнайы барып «Мемлекеттік тілді дамыту – табысты даму кепілі»  атты жеке пікір сағаты өткен болатын. Іс-шарамыздың мақсаты латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат беру. Өткізілген іс-шараға 5451 Әскери бөлімінің Тәрбие және әлеуметтік - құқық жұмыстары бөлімшесі бастығының «мемлекеттік тілді енгізу» жөніндегі аға көмекшісі капитан Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы және 45 сарбаз қатысты. Шара барысында кітапханашы Саменова Махаббат латын әліпбиінің тарихына тоқталып өтіп, оның маңыздылығын түсіндіріп айтты. Шара барысында «Латын: белгілерінің тарихи тағдыры» атты видео сюжет сарбаздар назарына ұсынылды.Сарбаздар латын әліпбиі жайлы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Латын әліпбиіне қатысты сарбаздар арасында әр түрлі сұрақтар мен пікір талас айтылды.  Барлық қатысушыларға латын әліпбиінің нұсқасы таратылды. Іс-шара соңында кітапханашы «Мемлеккттік тілді дамыту – табысты даму кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 №1 жасөспірімдер филиалының кітапханашысы

Саменова Махаббат

 _oz3KWt01rg

 

Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті

Аманкелді ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі базасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында «Кітапхана-рухани жаңғыру жолында: кітап арқылы жаңашылдыққа» атты Аманкелді аудандық мектеп кітапханашыларына арналған зерделі кеңес өтті. Негізгі мақсаты кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапхана қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, мектеп кітапханашыларын жаңа ізденістерге бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында болды. Зерделі кеңеске аудандық мектеп кітапханашылары, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері қатысты. Сонымен бірге аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатынасты. Аталған іс-шараны  аудандық білім бөлімінің басшысы  Диханбаев Мұрат Сенбайұлы құттықтау сөзбен зерделі кеңесті ашып берді. Қоғамның мәдени дамуының формацияларына негізделген кітапхана қызметі аясында кітапханашылар ой бөлісті. Зерделі кеңес екі бөлімнен тұрды. Бірінші ғылыми-теориялық бағытта Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп кітапханашысы Мұсабаева Камила, Қолдасбаев орта мектебінің кітапханашысы Бекенова Орынбасар, Амантоғай орта мектебінің кітапханшысы Ермағанбетова Гүлмира жұмыс көрсетіп, пікір алмасты. Сонымен бірге аудандық орталық кітапхана әдіскері Олжағұлов Ерлан кітапхана жүйесіндегі жаңашыл жұмыстарға тоқталып, әдіскерлік көмек берді. Екінші бөлімде «Кітапхана-көпшілік жұмыс мекені» (іс-шаралар) көрсетті. Бұнда Аманкелді орта мектебі, Жасбуын орта мектебі, Боранбаев орта мектебі, Жалдама, Тасты, Жаңа ауыл, Құмкешу орта мектептері сахналық көріністер көрсетті. Зерделі кеңесті аудандық оқу бөлімінің әдіскері Тұрсынова Әйгерім жүргізіп отырды. Аудандық кітапханашылар зерделі кеңесінде жұмыс көрсеткен кітапханашыларға алғыс хат және сертификат тапсырылды. «Кітапхана-рухани жаңғыру жолында: кітап арқылы жаңашылдыққа» атты зерделі кеңесті аудандық оқу бөлімінің әдіскері Бимағанбетова Бақытгүл Әмірғалиқызы қорытындылады. Бұл зерделі кеңес мектеп кітапханашыларының жұмысының жаңашылдыққа, кітапты сүйіп, құрметтеп, оқырманға насихаттауда алар орны ерекше.

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.

Мұсабаева Камила

кккккккк