• Омарова Куляш 03.06.2014

    Мектепалды даярлық тобының оқушысы Асқарова Жұлдыз
    өз сыныптастарының арасындағы өте беделді, белсенді оқушы. Ол сыныптағы оқушылардың арасында өзін тек жақсы жағынан көрсетіп, кез- келген оқушымен және ұстазбен тіл табысып кете біледі. Сонымен қатар, Жұлдыз мектеп ішіндегі әртүрлі шараларға белсене қатысады. Ол сурет салғанды, ән салып, би билегенді ұнатады. Бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы бүлдіршін. Ал ең маңыздысы Жұлдыз сабағын жақсы оқитын, бар зейінімен барлық ақпаратты қабылдайтын тиянақты, ұғымпаз оқушы. Біздің мемлекетіміздің болашағы осындай балғын балдырғандардың ақылдылығымен, білімділігімен құрылатынын біз білеміз. Келешектің жарқын болашағы балдырғандардың өмірімен тығыз байланысты. Жұлдыз біздің тәуелсіз еліміздің көркейіп дамуына ат салысатын азаматтардың қатарынан көрінетініне үлкен үміт артуға болады және ол елінің, ата – анасының, елім деп жүрегі соғатын барлық қазақ баласының үмітін ақтайтын азаматтардың бірі болады.

  • Аида Аринова 03.06.2014

    Жұлдызың жарқырай берсін Александр!
    «Адамзатқа білімнен бұрын тәрбие берілуі қажет »деген Әл-Фарабидің айтқан пікірінің қазіргі уақытта маңызды болып отырғанын түсінуге болады.Бала тәрбиесін қазіргі заманға сай жаңартуда тәрбиешілерге үлкен жүк артылады.Тәрбиешінің мақсаты өз тәрбиеленушілерінен саналы да білімді, парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеу.Әр баланың тағдыры,отбасылық өмірі дүние есігін ашқаннан бастап бірдей болмайды. Бұлай деп айтқан себебім,Ивин Александр тағдыр тәлкегіне түсіп,Қарағанды облысы білім Басқармасының Даму мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған облыстық балалар үйінде тәрбиеленіп жүр.Александр ПДТ мектеп интернатының 4-ші сыныбында оқиды.Ол ұлты орыс болғанымен қазақ сыныбында оқып,мемлекеттік тілде еркін сөйлейді.Александр үлкенді сыйлап,жасы кішілерге үнемі қамқор болып жүреді.Балалар үйінде өтіп жатқан іс-шараларға белсенді қатысады.Ән айтып,би билеуді де ұнатады.Сонымен қатар бос уақытын балалар үйінің кітапханасында өткізеді.Кітап оқуға деген қызығушылығы бар.Сол себептен болар Александр«Облыстық Абай атындағы балалар кітапханасы» ММ ұйымдастырған Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған Қарағанды облысының балалар үйі мен түзету және арнаулы мектеп – интернаттарының арасында өткен «Жайнай бер, жарқырай бер, Қарағанды» облыстық фестивалінде «Менің тәрбиешім» атты эссе жазып Гран-приді қанжығасына байлады. Сондай-ақ, ДМШ балаларға арналған облыстық балалар үйі тәрбиеленушілері арасында өткен «Менің мемлекетімнің тілі» атты байқауда да Александр биіктен көрініп, ІІ орын иегері атанды. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана халқымыз айтқандай, дүние жүзіне әйгілі боксшы жерлесіміз – Геннадий Головкин бізге келген сапарында тәрбиеленушіміз Александрды өз қамқорлығына алды.Осындай жетісктерге жеткені үшін біз Александрды мақтан тұтып,келешекте жұлдызың жана берсін демекпіз.
    Монтайбаева Райхан Амангелдиевна
    Қарағанды облысы білім Басқармасының «ДМШ балаларға арналған облыстық балалар үйі»КММ тәрбиешісі.
    Байланыс телефоны:87005923325,87212243121

  • Хасанова Шынар 13.01.2014

    Салем Меня зовут Хасанова Шынар, моя почта winar85@mail.ru - пишите

  • Кирилл 22.12.2012

    Меня зовут Кирилл. Мне 15 лет. Хочу дружить с ребятами, которые играют в онлайн-игру «Танки». Мой e-mail: kselezen@mail.ru


Оставить сообщение
Защитный код Наберите текст который видите в окне