МОЯ МЕЧТА О ШКОЛЕ БУДУЩЕГО

Школа моей мечты
Я часто думаю, какой была бы школа моей мечты...
Моя идеальная школа будет сильно отличаться от представлений других учеников. Школа моей мечты - большая, уютная, оборудованная и современная. Все классы в этой школе были бы в светлых оттенках. Коридоры широкие и длинные. Во всех классах стояли бы интерактивные доски, белая доска с маркерами, новые кресла и столы. В спортивном зале был бы большой плавательный бассейн и спортивная площадка. На полу постелены ковры. Вместо стульев удобные кресла и диваны. Столы оборудованы для компьютеров. У каждого ученика очки, защищающие зрение. Уделялось бы большое внимание здоровью всех учащихся. В школьной библиотеке были бы как старые книги, так и новые.
В школе, о которой я мечтаю были бы три больших зала. Это - спортивный зал с тренажерами, зал для игр и зал для музыкальных инструментов. Еще был бы актовый зал. Он похож на все эти три зала. Ученики могут пользоваться этим всем без ограничений. В моей идеальной школе в столовой еда была бы бесплатной, очередей не было бы, т.к. придуман специальный маршрут для посетителей, по которому все идут друг за другом со своими подносами. Нарушителям, или тем, кто не желает идти по маршруту, школьный инспектор и школьная полиция делали бы замечания. Школьная полиция – это отряд специалистов состоящих из учащихся старших классов, которые делают замечания и дают разные карточки, как в футболе: если немного напроказничал – желтую, а если серьезно – то красную, а если, что-то из разряда вон выходящее, тогда ведут к директору. Дисциплина в школе была бы идеальная, как и сама школа.
Учителя были бы здоровые, умные и добрые. Иногда мы ездили бы на экскурсии, концерты для духовного развития. Ученики были бы счастливы. Еще большое значение я бы хотел уделить домашнему заданию. Мы делали бы его в школе и все принадлежности оставались бы в школе. У каждого есть свой шкафчик.
В принципе, такие школы уже есть, но в них дети учатся в две, а то и в три смены. В школе моей мечты все ученики учатся в одну смену. Такой я вижу школу. В школе моей мечты было бы радио, на каждой перемене играла бы музыка. Благодаря радио можно было бы поздравлять именинников, делать музыкальные подарки учителям и учащимся. Мое мнение, что в школе
должны быть специальные ящики, в которых учащиеся оставляли бы сменную обувь.
Если такая школа будет существовать, то ученики, может быть, с радостью будут спешить в школу, стараться учиться лучше и быть толерантными .
Айзенах Султан КГУ Обл. детский дом для детей с ОВР. Воспитатель:Монтайбаева Р.А.
 

Менің отбасым
Мен Хамза Тахминамын. Менің отбасымда бес адам бар. Анам Айгуль, әкем Нияз, әпкем Айзере, інім Алмаз және мен. Анам мен әкем мұғалім болып істейді. Әпкем мектепте оқиды. Ал інім кішкентай. Ата-анамыз бізді асырап, жұмыс істеуге үйретеді. Мен әпкеме және ініме көмектесем. Біз татумыз, еңбекқормыз және бір-бірімізге ақыл беріп, сүйіспеншілік көрсетеміз. Біз сияқты отбасылар көп деп ойлаймын. Әр отбасының жақсы жағы болады.
Хамза Тахмина, №6 ЖББОМ, 4 «А» сынып оқушысы. Жетекшісі: Ахметова Гульмира Махметовна

Менің болашақтағы армандаған мектебім
Менің болашақтағы мектебімнің ішінде бассейн болғанын қалаймын. Себебі мен бассейнде шомылғанды ұнатамын. Және де мектептің ішінде үлкен спортзал болса деймін, тағы басқа үйірмелер болса тіптен жақсы. Үйірмелерде балалар домбыра тартып, би билеп, ән салып жүруші еді. Мектептің қасындағы бақта әдемі әдемі гүлдер, көбелектер, құстар мектебімізде болатын болса ең керемет мектеп болатын еді. Бұл мектепте ең үздік мұғалімдер сабақ үйретсе деймін. Әр оқушының алдында бір бір компьютерден болса жақсы болатын еді. Балалар үшін
барлығы жасалса деймін. Мысалы барлық сыныпта интерактивті тақта болса, оқушылар жақсы жұмыс істейтін еді.
Халмұратова Ақерке, №6 ЖББОМ, 4 «А» сынып оқушысы. Сынып жетекшісі: Ахметова Гульмира Махметовна

Менің болашақтағы армандаған мектебім
Мен нөмір алтыншы мектепте оқимын. Бірақта бұл мектеп жаман емес, жақсы. Менің армандаған, елестеген мектебім бар: сол мектепте бассейн, көптеген үйірмелер, түрлі-түрлі тренажорлар болса екен деп армандаймын. Бұл мектеп бүкіл республикаға атақты болса, мен сол мектепте оқысам, білім алсам өте қуанышты болар едім. Бірақта мен өзімнің мектебімде оқысам да мен қуаныштымын.
Баян Зере, №6 ЖББОМ, 4 «А» сынып оқушысы. Сынып жетекшісі: Ахметова Гульмира Махметовна 

Менің арманымдағы болашақ мектебім
Бұл әңгімені бауырым Нұржанмен бірге армандап бірге жаздық, себебі біз егізбіз. Біздің Қазақстанымыз бай мемлекет дейді барлығы, ендеше бай мемлекеттің мектептері де өзіне лайық болады.
Біздің армандағы болашақ мектебіміз: 5 қабатты, лифт жұмыс істейді. Оқушылар үш тілде еркін сөйлейтін болады. Әрбір оқушыда ноутбук болады. Дүниетану сабағын арнайы табиғат бөлмесінде оқитын болады. Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады.Шет тілдері пәндерін қашықтықта арнайы шет елдің мамандары береді. Оқушылар бос уақытында сол мектептің бассейініне түседі, түрлі тренажер құрылғыларында жаттығады.Бұндай мектеп балаларды іріктеп қабылдамайды, әр балаға қолжетімді.
Жолдасбек Ержан, Жолдасбек Нұржан, 1 «А» сынып , № 6 ЖББОМ, руководитель Ахметова Бахыт Махметовна 

Менің арманымдағы болашақ мектебім
«Келешегіміздің кілті - бүгінгі шәкірттеердің қолында, ал шәкірттердің тағдыры ұстаздардың қолында», - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұлағатты сөзін ескере отырып «Болашақтың тағдырын шешетін - білім ордасы» дегенді өзімнің осы жұмысыммен айтқым келеді. Сондықтан менің суретімнің негізгі символы «Білім ордасы» болып табылады. Білімнің арқасында барлығына қол жеткізуге болады. Осы білімнің арқысында біз қазір көлікпен жүреміз, әуеде ұшамыз, кемеде жүземіз ұялы телефонды қолданамыз, жаңа инновациялық жетістіктерге қолымызды жеткіздік және білім жолында әлі де кереметке қол жеткіземіз. Осының барлығының бастауы білім. Білімсіз ел дамымайды. Мен осы суретпен өз ойымды халықыма жеткізгім келеді.
Суретте «Білім ордасына» келетін жеті жол бар. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жолдар арасында бір-біріне ұқсамайтын «аспалы бақ» сияқты ерекше әсем табиғат – бақтар келтірдім. «Білім орданы» айнала баспалдақпен көтерілгенде «Галикарнас мұражайындағындай» биік мұнаралар, жалпы саны жиырма бес. Жиырма төрт мұнара қазақ елінің даңқын көтерген Керей мен Жәнібектен басталған хандар болса, жиырма бесінші қазіргі таңда бейбітшілікте елімізді әлемге танытып отырған ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев. Яғни қазақ елінің ұлы тарихы тұлғаларымен теңестіріп алынды. Ғимараттың өзі математика ғылымының негізгі пішіндері шеңбер, төрт бұрыш, үш бұрыштан құрастырылды. Ендеше ғимараттың негізгі бөлігі шеңберлі болса, шаңырағы төрт қырлы, пирамидаға ұқсаған, қай жағынан қарасада үш бұрышты болады. Суреттегі ою – «Өнер-таусылмас қазына, жұтамас-байлық» белгісі.
«Білім ордасының» ішіне саяхат жасасақ, негізгі үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлік ең астында 2 қабаттан, спорт және мәдениетке берілсе, екінші бөлік негізгі ғылымдардың дәріс берер төрт бөліктен тұрады. Оның 1- бөлігі гуманитарлы, 2- бөлігі математикалық, 3- бөлігі жаратылыстану, 4- бөлігі жалпы зертханалық бағытта жұмыс жүргізіледі. Пирамида мүсінді шаңырағы да 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабат жиын, конференция, концерт залдарынан тұрса, екінші қабаты ғимараттағы ең үлкен бөлік кітапханаға арналады.
Әлемде талай қызықта, кереметте бар, осы жұмысымды жасау үшін мені таңқалдырып, әрі терең ойға батырған әлем кереметтері. Сол әлемнің кереметі деп отырған кереметтерді салу үшін де білімді қолданды емес пе? Ендеше неге мектеп әлем кереметтерінің қатарына қосылмайды екен? Неге? Неге? Деген сұрақ ойымнан кетпей қойды. Міне сондықтан әлемнің кереметінің бірі бола алатын «Қазақстандық білім ордасы» болсын деген ниетпен салынды. Ендеше, мен жас ұрпақ Болашақ мектеп «Қазақстандық білім ордасы» бұл да білім мен мәдениетке толы ошақ боларына сенемін.
СОШ №34

МОЯ МЕЧТА О ШКОЛЕ БУДУЩЕГО

 

В конкурсе принимают участие все присланные работы. Победители получат Грамоты и памятные призы. Активные участники конкурса - сертификаты за активное участие. А остальным участникам - награды (сертификаты) будут вручаться только в том случаи, если каждый из них оформит подписку печатного издания на 12 месяцев. Оформив подписку, пришлите на почту редакции сканированную (фото) копию бланка, в письме подпишите участником какого конкурса является подписчик.

Менің арманымдағы болашақ мектебім
Болашақтағы мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық. Мен өзімнің қазіргі мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымша, он жыл өткеннен кейін тіпті жүз жылдан кейін мектептегі білім беру түбегейлі өзгеретіндігі сөзсіз. Болашағымыз қандай болатындығын армандау да қиын. Алайда, мен өзімнің болашақтағы мектебімнің қандай болатындығын сәл ғана армандағым келеді.
Келешектегі мектепте оқушылар сынып бөлмелерінде кітаптағы дайын мәліметтерді қарап көп отырмайды. Мысалы, биология пәнін даладағы әсем табиғат аясында оқитын болады. Әрбір өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады. Шетел тілдері пәндерін әрбір елдерге барып оқиды. Оқушылар ағылшын тілі мұғалімімен бірге жарты жылға Англияға барып, сол жердегі жергілікті тұрғындармен әңгімелесе жүріп тілді жылдам үйренетін болады. География пәнін де осылай оқыса керемет болар еді! Астрономия пәнінде арнайы салынған ғарыш кемелерінде жүріп, жұлдыздар әлеміне саяхатқа барса, шіркін!
Менің арманымдағы болашақтағы мектепте оқушыларға бесінші сыныптан бастап тереңдетілген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Егер сен тіл, әдебиет пәніне жақын болсаң, гуманитарлық бағытта, математика мен физиканы жақсы көретін болсаң, математикалық бағытта оқисың. Бұл оқушылардың болашақта мамандықтарын дұрыс таңдауларына көп септігін тигізеді.
Болашақтағы мектепте бағалау мүлдем болмайды. Өйткені мектеп оқушылары тек қана материалдарды меңгеріп қана қоймай, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды қоса орындайтын болады. Содан кейін арнайы конференцияларда жобаларын қорғап, нәтижеге қол жеткізіп отырады.
Менің арманымдағы мектеп барлық оқушыларға ұнайды. Мұндай мектепте оқу өте қызық. Ешкімді мектепте оқуға тиістісің деп қинамайды. Ешқандай оқушы сабақты босатқысы келмейді. Мен арманымдағы болашақ мектептің шынында да керемет болатынына сенімдімін.
Молдабаева Диана 9 «ә» сынып оқушысы №23 ЖББОМ . Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мухсинова А.М.
 

Менің арманымдағы  болашақ мектеп.
Егеменді еліміздің келешегі білімді жастар. Елбасының халқына жолдауында ел болашағы білімді ұрпақтың қолында екені жақсы айтылған.Жас ұрпақты білімге бағыттау бүгінде аса маңызды.Қай елдің болсын ұлттық ерекшелігі сақталып,дамуына жағдай жасайтын және оны ертеңімен жалғастырар алтын көпір-мектеп.Егемен еліміздің тәуелсіз мемлекет тәрбиесін алып,жан-жақты дамыған парасатты адам етіп тәрбиелейтін осы алтын ұя мектебіміз екенін айта отырып менің  болашақтағы  мектебім өте әдемі болады деп сеніммен айта аламын.Мектеп бес қабатты, лифт жұмыс істейді. Әр кабинетте интерактивті тақта,әр оқушыда  ноутбук  болады. Интернет жүйесі барлық кабинеттерге  қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Оқушыларды  сабаққа арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының киім қоятын жеке шкафы болып, ол кілттенеді.Сонымен қатар арнайы жабдықталған медицина бөлмесінде бірнеше біліктілігі жоғары медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.Әр түрлі үйірме жұмыстары өткізілетін сыныптар сапалы жиһаздармен жабдықталып,ауласында жылыжай,бассейіні болады.Мектепте
оқушылар үш тілде еркін сөйлейтін болады.Мен өзім ұлтым орыс болғанымен қазақ сыныбында оқып,мемлекеттік тілде еркін сөйлейтінімді мақтан тұтамын. Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды.Сондықтанда мен армандаған мектепте мемлекеттік тілді дәріптеу алдыңғы қатарда болады. Елін, жерін сүйетін білімді адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.Менің болашақтағы мектебімде тек осындай оқушылар ғана оқитын болады.
Ивин Александр ДМШ облыстық балалар үйінің 20 топ тәрбиеленушісі.Тәрбиешісі:Монтайбаева Р.А