ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ

 Тәуелсіздік

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік күнімен.

Құттықтаймын елімді.

Осындай ғажап күнімен.

 

Президенті елімнің,

Халық сізді сыйлаған.

Елі сүйген,  елін сүйген,

Аман болшы, Нұр атам!

Ниханбаева Аяулым

Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

4 "Г" сынып оқушысы

Жетекшісі: Жунусбекова Н.Б.

 


16- желтоқсан,

Ұмытылмас күн бүгін.

Тәуелсіздік алғалы,

26 жыл биыл.

Құттықтаймын Елбасын,

Құттықтаймын елімді,

Тәуелсіздік күнімен!

Қалиева Ақбота

Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

4 "Г" сынып оқушысы

Жетекшісі: Жунусбекова Н.Б.


Тәуелсіздікті аңсаған,

Қазағымның ұл-қызы.

Ербол,Ләззат, Қайраттар,

Тәуелсіздік жолында,

Ағып түскен жұлдыздар.

Дәулен Жақсылық

Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

4 "Г" сынып оқушысы

Жетекшісі: Жунусбекова Н.Б.


 Жайнай берсін, Астана

Астанам менің – бас қала

Биік, көркем үйлері бар жас қала.

«Бәйтеректей» символы бар мақтанар

Көркейе бер, асқар таудай Астана!

 

Даңқын шықты барша елге танылып,

Сен туралы жазады жыр, ән қылып.

Жасай берші, жасай бер сен Астана

Жүрегімде тұрасың сен мәңгілік.

 

Ел басқарар Нұрсұлтандай ағам бар,

Хан Шатырдай зәулім сарай тағы бар.

Айта берсем таусылмайды ән жырым,

Ағып жатқан Есілдей өзені бар.

 

Мақтан етем әрқашанда мен сені,

Ынтымақтың тербедің сен бесігін.

Ертегідей ғажап болған Астанам,

Гүлдене бер,  нұрлана бер бас қалам!

 

 «№ 18 ЖББОМ» КММ  4 «А» сынып

оқушысы    Дүйсеков  Руслан Бауыржанұлы

Жетекшісі: Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы

 


Анашым

Аялаған, әлпештеген,

Ақ сүт беріп өсірген.

Жетелеген арманға,

Жан анашым ардақты.

 

Түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Тербетем деп балаңды.

Жан анашым аяулы,

Риза сізге балаңыз!

 «№ 18 ЖББОМ» КММ

 4 «А» сынып оқушысы Қаратай Іңкәр

Жетекшісі: Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы


Достық жыры

Күлімдейтін күніміз,

Жайнап өссін гүліміз.

Адал, жақсы достармен,

Тату өмір сүріңіз.

 

Доссыз өмір бос дейді,

Болсын досын көп мейлі.

Ардақтай біл достықты,

Дос қадірін біл деймін.

 «№ 18 ЖББОМ» КММ

4 «А» сынып оқушысы Кайроллиева Наргиза

Жетекшісі: Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы


 

Мұғалім

Оқу, білім үйреткен,

Жазу жазып үйткен

Ол әрине ұстазым,

Шәкірттерін жыр еткен.

  «№ 18 ЖББОМ» КММ

 4 «Ә» сынып оқушысы Гаипова Альбина

Жетекшісі: Траева Бахыткуль Карабековна


 

Әжем

Әжем менің сырласым,

Жан сырымды бөліскен

Күнде-күнде қызықты,

Айтып берер әңгіме

 

Жалықпастан тыңдаймын,

Бір қызыққа тоймаймын.

Әжем менің жан досым,

Өмірдегі қымбаттым

 «№ 18 ЖББОМ» КММ

4 «Ә» сынып оқушысы Қалиахмет Арайлым

Жетекшісі: Траева Бахыткуль Карабековна

 

 


 

Анашым

Аялаған, әлпештеген,

Ақ сүт беріп өсірген.

Жетелеген арманға,

Жан анашым ардақты.

 

Түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Тербетем деп балаңды.

Жан анашым аяулы,

Риза сізге балаңыз!

 «№ 18 ЖББОМ» КММ

 4 «А» сынып оқушысы Қаратай Іңкәр

Жетекшісі: Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы

 


 

 

 Достық жыры

Күлімдейтін күніміз,

Жайнап өссін гүліміз.

Адал, жақсы достармен,

Тату өмір сүріңіз.

 

Доссыз өмір бос дейді,

Болсын досын көп мейлі.

Ардақтай біл достықты,

Дос қадірін біл деймін.

 «№ 18 ЖББОМ» КММ

4 «А» сынып оқушысы Кайроллиева Наргиза

Жетекшісі: Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы


 

ПРОБА ПЕРА

Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы

Қаздауысты  Қазыбек би тойына,

Ағылды жұрт,асыға күтіп таң ата

Әр қаладан арнайы кеп, ән шырқап,

Би биленіп,ақындар шықты айтысқа

 

Бабам тойы,халық тойы,

Қызған шақта бел ортасы

Ат жарысы шаң көрсетпей,

Балуандар сынға түсті.

Балқантаудың баурайында.

 

Баба ұрпағы мен боламын,

Мақтан тұтып шаттанамын.

Тәрбиелі білім алып,

Таусылмасын бақ талабым!

                      

 Ә.Бөкейхан атындағы№76 ЖББОМ

6 «Б» сынып оқушысы Сулейменова Алтынай

Жетекшісі:Сулейменова Б.Б.

 


 

Сүйікті анашым

Анашым менің сүйкімді,

Сүйемін сенің күлкіңді

«Құлыным»,-деген сөзіңді

Мейірімді көзіңді.

 

 Атам мен әжем

Жүргенімде қалада,

Ата-әжемді сағынамын

Демалысқа шыққанда

Қастарыңнан табыламын.

                

№18 ЖББОМ КММ   1 «Ә»сынып оқушысы Жаксылыкова Медина

Жетекшісі: Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы

 


 

 

 Аяулы мектебім

Аяулы менің мектебім,

Қуана саған барамын.

Сабағымды оқып мен,

Бестік баға аламын.

                

№18 ЖББОМ КММ   1 «Ә»сынып оқушысы Нурпеисова Диляра

Жетекшісі: Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы